$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Алматы тауларынан туристік топ құтқарылды

Алматы тауларынан  туристік топ құтқарылды

Алматы тауларынан 5 адамнан құрылған туристік топ құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару операциясы Күмбел шыңында болған. 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, шыңды бағындыруды ұйғарған. Олар өз бетінше төмен түсе алмаған. Құтқару операциясы 5 сағатқа созылған. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Олар табылған сәтте медициналық көмекке мұқтаж болмаған.