Алматыға жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметімен танысты. Қазір оқу орнында 5 институт, 24 кафедра бар. Онда 9 мыңдай студент білім алады. Биыл мұнда инфрақұрылымды кеңейту мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан 12 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат ашылмақ. Ол нысанда гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, физика, математика және цифрлық технологиялар институттары жұмыс істейді.
Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда бізде 2003 жылдан бері жылына 400 мыңнан аса бала дүниеге келіп жатыр. Бір облыс деп айтуға болады. Қазір еңбек кадрларымыздың 56 пайызы сол + 1987 жылдан кейін туылған балалар.