$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда жаңбыр кезінде 465 арнайы техника жұмылдырылады

AstanaTV
01.07.2024ж. 18:45
306
Алматыда жаңбыр кезінде 465 арнайы техника жұмылдырылады

1 шілдеде сағат 13.00-ден 20.00-ге дейін Алматы қаласында 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, таулы ауданда нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Қаланың коммуналдық қызметі тас-түйін дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және судың кедергісіз ағып кетуі үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,5 мың қап құм дайындалды.

Күндізгі уақытта жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы жұмылдырылады.

«Қазгидромет» РМК-ның дерегі бойынша 30 маусымда қалада 11 мм-ге дейін жауын-шашын, ал Кіші Алматы шатқалында 28 мм-ге дейін жауған қатты жаңбырдан кейін маусым айындағы жауын-шашынның жартысына жуығы (59 мм) түсіп, қатты желдің салдарынан құлаған бұтақтармен, қоқыс, лаймен бітелген арық желілері мен жол астындағы өткелдер 320 жұмысшының және 92 бірлік арнайы техниканың күшімен тазартылды. Түнгі уақытта 210 м3 қоқыс шығарылды.

Ауа райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға баруды қоя тұру ұсынылады. Жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз.

Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы   Almaty.tv. хабарлайды.