$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан да жалған хабарламалар тарауда

AstanaTV
01.07.2024ж. 21:34
246
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан да жалған хабарламалар тарауда

Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының атынан жазып, алдауда. Ол үшін алаяқтар жалған аккаунттар құрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты, суреті. Алаяқтар құпия ақпаратты беру мақсатында ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.

"Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерді шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық фактілерінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиіс", делінген ведомство хабарламасында.