$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Астанада 15 автобустың жүру бағыты өзгерді

AstanaTV
02.07.2024ж. 09:00
74
Астанада 15 автобустың жүру бағыты өзгерді

"City Transportation Systems" ЖШС Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгергенін хабарлайды.

2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгеретіні нақтыланады.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін", делінген хабарламада.

Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары "Тәуелсіздік сарайы" алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізілетіні де нақтыланады.