$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды

AstanaTV
02.07.2024ж. 11:28
129
Екібастұзда ТЖ режимі жарияланды

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Екібастұз қаласында «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын»,- делінген ақпаратта.

28 маусым күні сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Салдарынан № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды. Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.

Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.