$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс 2 мың жыл бұрын басталған - Си Цзиньпин

AstanaTV
02.07.2024ж. 14:15
186
Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс 2 мың жыл бұрын басталған - Си Цзиньпин

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚХР төрағасы әуежайда мемлекеттік сапарынан не күтетінін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана Саммитіне қатысатыныма өте қуаныштымын. Қытай үкіметі мен халқының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына шын жүректен ізгі тілектерімді білдіремін»,- деді ол.

Си Цзиньпин атағандай, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық байырғыда негізделген.

«2000 жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бізді тығыз байланыстырып, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты бастады. Дипломатиялық байланыс орнаған сәттен бастап 32 жыл ішінде қытай-қазақ қатынастары уақыт пен халықаралық турбуленттілік сынақтарынан өтті, мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің бірегей мәртебесіне ие болды. Біздің елдеріміздің ғасырлар бойғы достығы өзара көмек, өзара пайда және бірлескен өркендеу рухында көршілер арасындағы қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. 11 жыл бұрын мен Қазақстанда алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін бірлесіп салу туралы бастама жарияладым, оның аясында біздің елдеріміз жемісті ынтымақтастық жүргізуде, бұған сауда-экономикалық кооперацияның рекордтық көлемі, мәдени-гуманитарлық алмасулардың жарқын сәттері және халықаралық аренадағы тиімді өзара іс-қимыл дәлел бола алады»,- дейді Қытай төрағасы.

Ол атағандай, мұның бәрі екі ел халықтарының әл-ауқатына пайда әкеліп қана қоймай, халықаралық және аймақтық жағдайда тұрақтандырушы және сындарлы фактор болды.

«Алдағы сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде, ортақ мүддені білдіретін халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасып, Қытай мен Қазақстанның мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі дамыту үшін жаңа жоспарлар белгілейтін боламын. ШЫҰ Астана саммиті аясында серіктестермен біздің ұйымның болашағын және ШЫҰ-ның жаңа жетістіктері мүддесіндегі ынтымақтастықты салмақты көпжақты алаң ретінде талқылау мүмкіндігін күтемін»,- деді ол.