$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Үйден шықпай-ақ әскери қызметке орналасуға өтініш беруге болады

AstanaTV
02.07.2024ж. 18:57
154
Үйден шықпай-ақ әскери қызметке орналасуға өтініш беруге болады

Елімізде сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсыра алады. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Порталда жобаны қорғаныс министрлігі мен цифрлық даму министрлігі бірлесе отырып, әзірлеп жатқаны айтылды.

"Арнайы сервис арқылы үміткер армиядағы бос жұмыс орындарын тауып, оларға құжаттар тапсырады (сервис басқа мемлекеттік дерекқорлармен байланыстырылғанша, құжаттарды PDF форматта қоса беруге тура келеді, содан кейін жүйені оңайлату жоспарланған) және өтінімге электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қойылады деп болжанады", – делінген құжат мәтінінде.

Сөйтіп үміткер өтініштің статусы туралы өзгерістерді SMS арқылы алады. Ал қорғаныс министрлігі өтінішті алдын ала мақұлдаса, үміткер туралы деректер осы адам тұратын аймақтың медициналық комиссиясына беріледі. Өтініш беруші сол жерден тексерістен өтеді.

Ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтсе, Қорғаныс министрлігі үміткерге электрон қолтаңба арқылы қол қоя алатын келісімшарт жасасу туралы келісімді жібереді", – делінген порталда.

Айта кетейік, бұйрық жобасы 1 шілдеде жарияланды және оны талқылау 16 шілдеге дейін жалғасады.