$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар 5 тонна қоқыс шығарды

02.07.2024ж. 20:00
368
Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар 5 тонна қоқыс шығарды

Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар 5 тонна қоқыс шығарды. «Жасыл ел» жасағынан және ерікті жастардан құралған 500 адам айналдырған 1 сағаттың ішінде «Усолка» ықшам ауданын күл қоқыстан тазартты. Күннің ыстығына қарамастан жастар аумақтарды айнадай етіп сыпырып, сынған бөтелке, шашылған пакеттерді көлікке тиеді. Мақсат – тұрғындарды өз қаласын таза ұстауға, табиғат аясына шыққан кезде қоқыс қалдырмауға үндеу. Бұл акция бір күндік шара емес, алдағы уақытта қаланың басқа да аумақтарын қоқыстан тазарту жоспарланып отыр. 


Ризат РАХЫМЖАНОВ,  ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Біз мұнымен шектеліп қоймаймыз. Басқа да күндері тазалық шараларын жасаймыз. Тұрғындарды қоқысты бөлу бойынша ақпараттандырамыз. Себебі, экологиялық мәдениет бәрінен де маңызды. Облыс тұрғындарын акцияларды қолдауға шақырамыз. Себебі, Мемлекет басшысының өзі бұл акцияға өте үлкен мән беріп отыр.