$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды-Балқаш тас жолын қазақстандық жолшылар қытайлық серіктестермен бірге салып жатыр

02.07.2024ж. 20:00
358
Қарағанды-Балқаш тас жолын қазақстандық жолшылар қытайлық серіктестермен бірге салып жатыр

Қарағанды-Балқаш тас жолын қазақстандық жолшылар қытайлық серіктестермен бірге салып жатыр. Бұл отандық мамандарға халықаралық тәжірибені үйреніп, жаңа технологияны меңгеруге мүмкіндік береді. “ҚазАвтоЖол” өкілдері осындай пікірде. Екі ел өкілдері Қарағанды облысын басып өтетін 360 шақырымдық трассаны биыл қыста аяқтауы тиіс. 

Алматы - Екатеринбург жолының бір бөлігі, Қарағанды - Балқаш трассасы туристік аумақты дамыту үшін ғана емес жалпы ел ішінде және халықаралық сауда қарым- қатынасы үшін маңызды. Екі жағы барлығы 700 шақырымдай жол биыл қарашада ашылмақ. Бас мердігер- қытайлық “ CITIC Construction” компаниясы. Тапсырыс беруші “ҚазАвтоЖол” ҰК. Көлік дәлізі солтүстік пен оңтүстікті жалғайды. Күніне бұл жермен 30 мың машина жүріп өтеді. Қазірдің өзінде 400 шақырым аумақ пайдалануға берілген. Ол сауда нүктелері мен туристер санын күрт өсірді.

Айбек АМАНТАЕВ, “ҚАЗАВТОЖОЛ ҰҚ” АҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аударма: Бұл жолдың құрылысы республикамыздың тасымалдау потенциалын арттырды. Халықаралық тәжірибе алмастық, жұмыскерлер оның ішінде жергілікті халық жаңа технологияны меңгерді. Оны келесі жобаларда қолдана алады.

Жол құрылысына тартылған мыңнан астам жұмысшының көбі- жақын маңдағы ауыл тұрғындары. Жүргізушілер олардың жұмысына оң баға берді.

Нұрлан МАХИМОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

“Алдыңғыдан көп жақсы ғой жолдың бәрі. Алдында балон кетеді еді, жол жаман еді,бәрі ашылып қалды жолдың бәрі бұрыңғыдай бұзыла бермейміз. Тауар тез келеді уақытысынан”.

Қытай компаниясы жолдың беткі қабатын қаптап, жиегін қардан қорғайтын қондырғымен бекітеді. Белгілер мен қоршаулар тұрғызады. Олар салған жол сапасын арнайы зертхана тексереді.