$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өнімділікті арттыруды көздеп отыр

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өнімділікті  арттыруды көздеп отыр

Жылына 6 млн тонна мұнай өнімдерін өндіретін Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өнімділікті әлі де арттыруды көздеп отыр. 1985 жылы салынған зауыт -еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі ең жаңасы. 2005 жылдан бастап өндіріс орны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына және Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясына тең негізде басқаруға берілген. Осының негізінде кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі мен өркендеп-өсуіне мол мүмкіндік туды. Кәсіпорын екі ірі компания арасындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ табысты инвестициялық және технологиялық кооперацияның жарқын үлгісі болып табылады. «Бір белдеу – бір жол»халықаралық бастамасы аясында елдер арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп дамуын айтарлықтай ынталандырды және сонымен қатар табыстылықтың үлгісін көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастық үшін құнды тәжірибе жинақтады, -дейді зауыт өкілдері. 

Әлібек ЖОЛДАСБЕК, «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС» ЖШС №3 ЦЕХ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай дамыту аясында Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын кеңейту» жобасының Алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның негіздемесін «Шығыс Қытай жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі қоғамы әзірлеуде. Аталған жобаның табысты іске асырылуы Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін, сондай-ақ келешекте ішкі нарықтағы моторлы отындар мен мұнай химиясының өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.