$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Саммиттің кезекті отырысында Еуразия континентінің ары қарай да дамуын анықтайтын маңызды құжаттар қабылданады",- саясаттанушы

02.07.2024ж. 20:00
314
"Саммиттің кезекті отырысында Еуразия континентінің ары қарай да дамуын анықтайтын маңызды құжаттар қабылданады",- саясаттанушы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халық саны 3 миллиардтан асады. Бұл дегеніміз - әлемде өмір сүріп жатқан халықтың 45 пайызы. Сондықтан ұйымға артылар жүк те, міндет те ауыр. Қазір әлем назары - Астанада. Саммиттен не күтеміз? Бекболат Сатуов сарапшылардың пікірін білді. 

Саммиттің кезекті отырысында зұлымдықтың үш күшіне қарсы стратегия қабылданады. Яғни терроризм, сепаратизм, радикализіммен күрес мәселесі қайта пысықталады. Сарапшы Әмір Башбаев осылай дейді. Ол осы аталған мәселелермен көпжақты келісіммен бірлесе күрес жүргізуде ұйымның әлеуеті зор деп отыр.

Әмір БАШБАЕВ, ҚР СІМ СЫРТҚЫ САЯСИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бір елдің қарсы тұруымен осы күресті ұйымдастырумен шешілетін мәселе емес бұл мәселелердің барлығы трансшекаралық маңызы бар өзекті мәселелер. Сондықтан осы самитте бекітілетін шара осы 10 мүшенің бірігіп істейтін жұмыстарының негізі, және соған байланысты қабылданатын шаралар.

Биыл ұйымға Қазақстан жетекшілік етті. Жыл бедерінде байырқалы бастама көп. Мәселен, 2024 жыл Экология жылы болып жарияланды. 100-ден аса ірілі ұсақты іс-шаралар өткізілді. Алдағы саммитте қаралатын құжаттар да қазақ елінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанның қай қаласын алмасаңыз да экологиясының проблемасы бар. Былай қарағанда енді көбіне мемлекеттер көңіл бөліп, көмектесіп отырады деген секілді. Кім қасымыздағы көршілер? Көршілер бәрі де бірге су проблемасы бірінші орында тұр мысалы.Енді осыған осындай ұйымдар көмектесіп отырады.

Астанада өтетін бұл ауқымды саяси іс-шара міндетті түрде әлем елдерінің назарын аудартады. Өйткені, көлемі үлкен ұйымға қызығушы ел көп. Ал, бұл Қазақстанның өзге де дамыған мемлекеттермен байланысын нығайтып, әлемдік аренада беделін артырады. Сондай-ақ, алпауыт елдермен сауда айналымы артып, экономикаға айтарлықтай септігін тигізеді. Жалпы 10 мыңға жуық делегат келеді.

Олжас БЕЙСЕНБАЕВ,  САЯСАТТАНУШЫ:

Сондықтан бұның ауқымы өте үлкен. 3млрд-қа жуық халық және де экономикалық қауіпсіздік жағынан ядролық әлеуеті үлкен мемлекеттердің өкілдері келеді. Сондықтан Астанада осы Еуразия континентінің ары қарайда дамуын анықтайтын маңызды құжаттар қабылданады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай декларацияда өткен кезеңдердің қорытындысы жарияланып, болашақтағы бағыт-бағдарлар айқындалады. Сондай-ақ Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға бақылаушы мемлекет мәртебесінен мүше мемлекет ретінде қабылдау рәсімі болады. Саммите 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы мен 2030 жылға дейін энергетика серіктестігінің даму стратегиясы бекітіледі.