$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Олжас Бектенов CNPC басшысы Дай Хоулянмен кездесті

02.07.2024ж. 20:00
262
Олжас Бектенов CNPC басшысы Дай Хоулянмен кездесті

Премьер-Министр Олжас Бектенов China National Petroleum Corporation басшысы Дай Хоулянмен кездесті. Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы әлемдегі 3 ең ірі мұнай компаниясының қатарына кіреді.Тараптар энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі бірлескен жобаға ерекше назар аударып, нысанды уақытында пайдалануға беру үшін жаңғырту қарқынын жеделдетуге ниетті екендерін білдірді. Бұдан бөлек Үкімет басшысы CITIC Group басшысы Си Гохуамен кездесіп, қазақ-қытай бірлескен жобаларына тоқталды. Қазіргі сәтте қытайлық компанияның қатысуымен республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау бойынша ірі инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1 131 км болатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» трассаларының 24 учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.