Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Аспан асты елінің басшысы мемлекетімізде үш күн болады. Си Цзиньпин бұған дейін ешқандай елде дәл осылай ұзақ тұрақтамаған. Мәртебелі қонақты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды. Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қос тараптың шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Делегацияға ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атады. Осыдан кейін Төраға баланы Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырды.