$475.39 €513.37 ₽5.4
×

Димаш ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берді

AstanaTV
03.07.2024ж. 08:14
83
Димаш ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берді

Белгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген қытайлық CCTV телеарнасының «Идеялар өзгертеді» жобасына қатысып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен танысу сырын ашты. Әртістің Қытай басшысымен алғашқы кездесуі Сианда, «Орталық Азия – Қытай» саммитінде болған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Концертке бірнеше апта қалғанда маған қоңырау шалып, сол жерге шақырғаны есімде. Мен оны қуанышпен қабылдадым. Өйткені, егер менің шығармашылығым мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың нығаюына қандай да жолмен ықпал ете алса, мен сол үшін бірдеңе істей алатын болсам, онда мен әрдайым қай жерде болсын, әнімді айтуға даярмын», – дейді әнші. 

Димаш сол жерде екі ән орындағанын айтты: бірі – қытай тілінде, екіншісі – қазақша. Сосын өзіне Қытай президентінің бұл әнді оның орындауында өте жақсы көретінін жеткізген. 

Менің бірден байқағаным, ол кісі өте терең адам екен. Әннің не жайында екенін түсінуге тырысады, бұл маңызды. Жалпы, оның жоғары мәдениетті адам екендігі бірден байқалады, – дейді Димаш. 

Әншінің айтуынша, Си Цзиньпин мырзамен алғаш 2017 жылы I am a Singer жобасынан оралғаннан кейін танысқан.

«Шырқап болғаннан кейін ол маған келіп, мен туралы және жалпы менің шығармашылығым, Қытайдағы атағымның шығуы туралы өз пікірін айтты. Сөйтіп, батасын беріп, тыңдарманым екенін және әйелі де менің шығармашылығымды бақылап отырғанын жасырмады. Әрине, ішім сондай жылып қалды. Бұл зор қуаныш әрі жауапкершілік артады», - дейді Димаш Құдайберген.