$475.39 €513.37 ₽5.4
×

Биыл білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі

AstanaTV
03.07.2024ж. 10:17
132
Биыл білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан азаматтығын алмаған ұлты қазақ адамдарға арналған квота туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қандас квотасы — 4%. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4 пайызы қандастарға беріледі.

Мысалы, 2024 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

"Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балы бекітілмеген" деп ескертеді орталықтан.