$475.39 €513.37 ₽5.4
×

Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді – Си Цзиньпин

AstanaTV
03.07.2024ж. 12:11
154
Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді – Си Цзиньпин

Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен айтты.

Си Цзиньпин өз сөзінде Бейжіңнің Қазақстанға қатысты саясаты өзгеріссіз қалатындығын айтты.

«Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз және көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға деген шешіміміз және негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді қолдауға деген ұмтылысымыз өзгеріссіз қалатынын тағы да атап өткім келеді. Ұлттық даму міндеттерін орындауға деген сеніміміз де өзгеріссіз қала береді», - деді Қытай басшысы.