$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

03.07.2024ж. 20:00
488
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды кездесті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді. Бұған Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегі орасан. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Саммитке Сіздің қатысуыңыздың мәні зор. Себебі 1996 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастауында болған президенттердің бірісіз. Менің ойымша, бұл ұйым – шын мәнінде, тиімді, беделді әрі демократиялық бірлестік. Ертеңгі саммит табысты өтеді деп үміттенемін.

Тәжікстан Президенті өз кезегінде Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы табысты өткенін айтты. 

Эмомали РАХМОН, ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ШЫҰ кезекті саммитіне шақырғаныңыз үшін рақмет. Мемлекеттеріміздің сауда-экономикалық, мәдени - гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатыр.