Елордада «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субьектілерімен жүргізілетін мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі» тақырыбында конференция өтті. Жиында азаматтық қоғам ұйымдарының саяси диалогтағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ еліміз үшін пайдалы болуы мүмкін мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу ісіндегі халықаралық ұйымдардың тәжірибесі айтылды. Сонымен қатар үкіметтік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байлысты нығайту жұмыстары сөз болды. Айта кетейік сала мамандары зайырлы мемлекет ретінде қоғамдық бақылау мәдениетін қалыптастыру қажет дейді.
Жанаргүл ӘЛЖАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елімізде осындай қоғамдық бақылау үрдісіне мониторинг жүргізу. Осындай жоба іске асырылмақшы. Соған біз қолдау көрсетеміз министрлік тарапынан. Жалпы өздеріңіз білесіздер, жақында ғана қоғамдық бақылау туралы заң сәуір айынан бастап күшіне енген болатын. Ол заңның басты мақсаты- азаматтардың қоғамдық жұмысқа араласуына тікелей жағдай жасау.