Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. {КТМ} Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынастың жарқын белгісі саналады. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан және мен де Мемлекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз.
Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға және оның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы төрағалығына көрсеткен қолдауы мен тілеулестігінің көрінісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Кездесуде Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақтағы кооперацияны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бас хатшы өңірдегі экономикалық интеграция үдерісіне жоғары баға беріп, оның жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуеті зор екеніне тоқталды.
Антониу ГУТЕРРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
Қазақстан бейбітшілік жолындағы күрестің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сіздің еліңіз бірігу ісінде дәнекер, соның ішінде өте күрделі жағдайларда әрқашан алтын көпір, бейбітшіліктің елшісі болды. Астана көптеген бітімгерлік бастамалардың, соның ішінде Сирия бойынша Астана процесінің орталығына айналды. Астана әрдайым бейбітшілік алаңы болды. Қазақстанның беделі зор. Сіздер ядролық қарусыздану саласында көшбасшы елсіздер және басқа да көптеген салада бейбітшілікке бейілді екендеріңізді танытып келесіздер