Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Ақорда.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Түркия — ұйымға серіктес ел.