Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.
Кұрама команда нәтижесі мынадай:
1-орын: Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
1-орын: Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
2-орын: Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
2-орын: Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
2-орын: Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
3-орын: Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшісі — Абай Дүйсен республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.
Біз жас географтарды айтулы жеңістерімен құттықтаймыз және оларға халықаралық ареналарда табыс тілейміз! – деп жазды ведомство.
Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтыр еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде болған.