$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақмола облысында үшем дүниеге келді

AstanaTV
03.07.2024ж. 22:35
229
Ақмола облысында үшем дүниеге келді

Ақмола облысында үш жылдан бері алғаш рет үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеренді ауданында Гранитный ауылының тұрғыны Мақпал Жүнісова бір ұл, екі қызды дүниеге әкелген. Келіншек 3 шілде күні Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталды орталығында босанған.

Ер баланың салмағы 2 кг 377 грамм, бойы 46 см, екінші қыз баланың салмағы 2 кг 43 грамм, бойы 44 см, үшінші қыздың салмағы 2 кг 221 грамм, бойы 44 см болып туды.

Дәрігерлердің қазіргі кезде ана мен сәбилердің жағдайы жақсы екенін айтты. 

"Қазіргі кезде нәрестелердің жағдайы бірқалыпты, анасымен бірге арнайы бөлмеде тынығып жатыр. Медициналық персонал жаңа туған нәрестелерді күтіп бағуға және емізуге көмектеседі. Ота штаттық режимде сәтті өтті, 41 минутқа созылған операция барысында ешқандай ауытқу болған жоқ", — деді Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Ангелина Корнилова.