$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Әзербайжандық журналист Қазақстан туралы әсерімен бөлісті

AstanaTV
04.07.2024ж. 11:42
102
Әзербайжандық журналист Қазақстан туралы әсерімен бөлісті

Әзербайжаннан келген журналист Қазақстан туралы әсерімен бөлісті. Ровшан Илясов екі елдің халқы, мәдениеті, дәстүрі мен өмір салты ұқсас болған соң өзге елде жүргені білінбейтінін айтады. Сондай-ақ қазір қазақ тілін белсенді үйреніп жүр. Тіпті ілтипат үлгісіндегі бірнеше қазақша сөзді біледі.

«Алған әсерім ерекше. Біздегі мәдениет пен тарих ортақ. Өз үйімде жүргендеймін. Қазіргі уақытта қазақша "Сәлеметсіз бе!", "Рақмет!" деген сөздерді білем. ШЫҰ-ның саммитіне Әзербайжан да қатысады. Осындай шараның ішінде болғаныма қуаныштымын», - дейді журналист Ровшан Илясов.