Қазақстанда
доллар арзандағанымен тауар бағасы төмендемейді. Ұлттық экономика
министрлігінің алқа отырысында Тимур Сүлейменов осылай деді. Ал министр
базардағы бағаға Ұлттық экономика министрінің еш қатысы жоқ екенін айтты.
Зачем
вопрос этот задавать министру экономики? Я что ставлю товары на прилавках в
магазинах или еще где-то? Это вопрос к нашему бизнесу, это вопрос к нашей
покупательской способности.
«Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда тұрамыз.
Сондықтан доллар емес, теңгенің деңгейінде ойлану қажет». Журналистерге осылай
деген министр, Қазақстанда доллар арзандағанымен, тауарлардың да арзандауы
міндетті емес екенін, жеткізді. Бірақ оның айтуынша, елімізде импортқа
тәуелділік әлі де сақталады. Одан құтылудың жолы - отандық өнімдерді
ұлғайту.
Тимур
Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Біздің
тауарлардың бағасы теңгемен қалыптасады. Долларға тәуелділікті қою керек. Заң
жүзінде ғана емес, адамдардардың ойында өзгерістер болуы қажет. Бағаларды,
жалақыны, көлік пен баспананы доллармен есептеудің керегі жоқ. Біз АҚШ-та емес,
Қазақстанда тұрамыз. Бұл менің экономист ретіндегі пікірім.
Сондай-ақ, алқа отырысында белгілі болғандай, 2017 жылдың соңына дейін жаңа салық кодексі
пайда болады. Онда барлық тиімсіз жеңілдіктерді алып тастау мен салық жинау
базасын кеңейту жоспарланып отыр.
Тимур
Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Біздің
министрліктің бұл жобаны жазға дейін үкіметке енгіземіз деген жоспары бар. Одан
кейін ғана парламенттің күзгі сессиясына ұсынамыз. Жер қойнауы және салық
заңына қатысты тиісті түзетулер енгізу туралы президенттің тапсырмасы бар.
Сондықтан жыл соңына дейін жұмысты аяқтауымыз керек.
Жыл
соңына дейін елімізде кеден кодексі де қабылдануы мүмкін. Министрдің айтуынша, жаңа құжат әкімшілік кедергілерді төмендету, кедендік декларациялау мерзімін
қысқарту және озық ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталмақ.
Саламат
ОМАШ