$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Үйі суға кеткен оралдық 17 отбасы баспаналы болды

04.07.2024ж. 20:00
113
Үйі суға кеткен оралдық 17 отбасы  баспаналы болды

Үйі суға кеткен оралдық 17 отбасы баспаналы болды. Шаңырағын су шайып, далада қалған тұрғындарға қазір ірі компаниялар көмектесіп жатыр. Үйлі болғандардың бірі -көпбалалы Салтанат Қуанышәлиева. Су тасқыны басталғанда алты баласымен далада қалған ол осы кезге дейін эвакуациялық бекетті паналап келді. Бүгін жаңа үйден үш бөлмелі пәтердің кілтін алған ерлі-зайыптының қуанышында шек жоқ. 

Салтанат ҚУАНЫШАЛИЕВА,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екі ай жарым болды эвапунктте жаттық алты баламен бір бөлмеде. Сол бүгін Алла деп үйге қол жеткізіп жатырмыз. Ең бастысы Президентке алғысымызды білдіреміз. Кілтті уақытында бізге табыстап жатқандары үшін, далада қалдырмай жатқандары үшін мың алғыс дейміз. Көп рақмеееет! Алла қосса, бала шағамен осы үйде тұрамыз дейміз, жоспарымыз сол.

Топан судан зардап шеккен оралдықтарды баспанамен қамтуға 70 миллиард теңге жұмсалады. Әкімдіктің дерегінше, үйін су басқан үш мыңға тарта отбасы көп ұзамай қоныс тойын тойламақ. Бұған қоса облыс аудандарынан 800-ге тарта үй салынып жатыр.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір көптеген үйлердің төбесін жауып жатырмыз. Содан кейін ішкі жұмыстарына кірісеміз. Яғни, бүгінгі күні 1-қыркүйекке дейін біз осы үйлердің құрылысын аяқтап кіруіміз керек. Эвакопунктте тұрып жатқан азаматтарды біз жылдамырақ тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп, оларды жылдамырақ көшіруіміз керек.