$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда 30-дай заңсыз қоқыс алаңы анықталды

04.07.2024ж. 20:00
395
Павлодарда 30-дай заңсыз қоқыс алаңы анықталды

Павлодарда заңсыз қоқыс алаңдары көбейген. Аймақ бойынша 30-дай орын анықталды. Ал облыс орталығының өзінде 10 полигон табылған. Солардың бірі шаһардың өндірістік аумағында орналасқан. Мұнда құрылыс және тұрмыстық қалдықтар тасталған. Соған қарағанда бұл жақын маңдағы кәсіпорындардан шығарылған қоқыс болуы мүмкін. Қазір құзырлы органдар кез келген жерге қоқыс тастайтындармен күресті күшейтпек. Айта кетерлігі, Павлодарда заңды деп белгіленген 5 ғана қоқыс полигоны бар. Ал 321 қоқыс алаңы экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейді. Десе де, бұған әкімдіктер арнайы жер телімдерін бөлген. Сондықтан, шенділер бұны заңсыз деп айтуға келмейді - деп отыр. Осы мәселені шешу мақсатында өңірде биыл 4 бірдей ауданда арнайы қоқыс полигонын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. 

Мағзұм ҚОҚЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Заңсыз қоқыстарды жоюға бөлген бюджет қаражаты бұл мәселені шеше алмайды. Қоқыс тастаушыларды тоқтату үшін әкімшілік күш керек. Яғни, жергілікті атқарушы органдар полициямен бірге қоқыс тастайды деген алаңдарға үнемі бақылау жасап отыруы керек.