$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Қытайлық кәсіпкерлер инвестиция құюға ниетті

Қытайлық кәсіпкерлер инвестиция құюға ниетті

Шымкентте қазақ-қытай кәсіпкерлері бірлесіп ашқан 4 өндірістік нысан жұмыс істеп тұр. Соның бірі – металл бұйымдарын шығаратын зауыт. 20 гектар аумақта құрылысқа қажетті арматура мен қатты сым шығарылады. Мұнда жергілікті 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Күніне 600 тонна өнім шығаратын зауыт келер жылдан бастап өндіріс қуаттылығын арттырып, өнім түрлерін көбейтуді көздеп отыр. 

Цзяньбинь КЭ,  КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Инвестиция құю кезінде біздің таңдауымыз бірден Шымкент қаласына түсті. Өйткені мұнда қажетті инфрақұрылым толық тартылған. Географиялық жағынан да металл бұйымдарын қабылдауға қолайлы болды. Барлық мүмкіндіктер бар. Әрине, бастапқыда аздаған қиындықтар мен түрлі мәселе туындаған жағдайлар болды. Дегенмен жан-жақты қолдауды сезініп, бүгінде жұмысымыз сәтті жүріп кетті.

Өңірде жалпы құны 1,96 миллиард доллар болатын 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның тағы бірі құрылысқа қажет керамикалық тақтайшалар шығарылмақ. Ірі кәсіпорын алдағы тамыз айында іске қосылады деп күтілуде. Қазір жұмыстың 90 проценті аяқталған. Қажетті құрылғылар толық орнатылды. Зауыт іске қосылса тәулік сайын тұрғын үйдің қасбеті мен ішкі әрлеуіне қажетті 35 мың шаршы метр өнім шығарылады деген жоспар бар дейді кәсіпорын өкілі. 

Асхат НҰРТАЙ, КӘСІПОРЫН ӨКІЛІ:

Бұл жерде біздің жоспарымыз бойынша 350 адамдай жұмыс істейді. Оның ішінде жергілікті тұрғындардың үлесі 350-дің 300-і жергілікті тұрғын болады. Біз ішкі нарыққа және сыртқы нарыққа да жұмыс істейміз ба деген ойымыз бар. Қазір біреуін салып болсақ, біз импортқа деген тәуелділікті 40%-ке дейін азайтамыз.