$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қазақстандық колледж студенттері енді Қытайда тағлымдамадан өте алады

04.07.2024ж. 20:00
258
Қазақстандық колледж студенттері енді Қытайда тағлымдамадан өте алады

Астана кәсіби-техникалық колледж Шэньсипо университетімен меморандумға қол қойды. Енді қазақстандық студенттер Қытайда тағлымдамадан өте алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта ықпалдаса жұмыс істеу үшін оқу орнына «Циньлин шеберханасы» белгісі табысталды. 

Жаңа шеберханада автоэлектроника саласын кеңінен оқыту көзделіп отыр. Осы ретте қытайлық әріптестер студенттерге көлік өнеркәсібі бойынша арнайы сабақтар жүргізеді. Себебі Қазақстанда қытайлық көліктерге сұраныс жоғары. Сондай-ақ алдағы уақытта автоэлектрик мамандығын оқу жүйесіне қосу жоспарлануда.

Римма ИМАНҒАЗИНОВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІБИ -ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Біз Шэньси провинциясымен арнайы меморандумға қол қойдық. Қазір біздің колледж 11 сала бойынша білім береді. 750 студентіміз бар. Бүгінгі шараға тоқталатын болсам біздегі басты мақсат кадр тапшылығын жою. Сондай-ақ білікті сала мамандарын әзірлеп шығару.

Колледж Қытайлық Eurasian Resources Group кәсіпорнының альянсына мүше болды. Ол біріктірілген тау-кен өндіру, өңдеу, энергетика және логистика бойынша әлемдегі үздіктер қатарында. Шетелде білім алғысы келетіндер шеберханада шеберлігін шыңдайтын болады.

Чжан ХУН ШЭНЬСИ, КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАСУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ АТҚАРУШЫ ДЕКАНЫ:

Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім және бізге Астана өте ұнайды, бұл әдемі қала. Біз кәсіптік білім беруді жақсарту үшін колледждер арасындағы ынтымақтастықты күшейткіміз келеді.

Eurasian Resources Group компаниясы өткізген кәсіби шеберлік байқауына Қазақстандық 110-нан астам өнертапқыш қатысты. Жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер екі апталық халықаралық тағылымдамадан өту үшін Қытайға аттанады. Олар екі ел меморандумға қол қойғаннан кейінгі тағылымдамадан өтетін алғашқылардың бірі болмақ

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Жаңа технологияларды Қытай өндірісіндегі дамып жатқан жаңалықтарды біздің колледждермен бірлесе отырып оны дамыту бағытындағы келісімдерге келдік. Сондықтан да бұл жалпы біздің балаларымыздың мына саладағы білім-біліктілігін арттыруға, ертең жұмысқа тұруда да және мықты маман болып қалыптастыруда бірден бір әсер ететіндігі белгілі

Қазір еліміздегі колледждерде 540 мыңнан астам студент білім алады. Оның 65 пайызы грант жүйесінде оқиды. Сондай-ақ кәсіпорындардың сұранысы бойынша жыл сайын қосымша 10 мыңнан астам жас оқуға қабылданады.