Саурандағы сақалды құрылыс биыл да бітпейтін секілді. Түркістан облысына барған Мәжіліс депутаттары осыдан 5 жыл бұрын басталған нысанға барып, ондағы жағдаймен танысты. 200 орынға жоспарланған оңалту орталығы былтыр пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылысы 100 пайыз аяқталғанымен, ғимарат ішінде кем-кетік көп. Оны депутаттар жіпке тізгендей айтты. Бұл олқылықтарды түзету үшін 340 млн теңгедей қаржы қажет, дейді мамандар. Халық қалаулылары кеткен кемшіліктерді жою туралы ескертпе жасады.
Қайрат БАЛАБИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл - «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында, жол картасында көрсетілген объект. Сондықтан да бұл әруақытта сапалы, жақсы өтуіне біздер «AMANAT» партиясының мәжіліс депутаттары қадағалайтын боламыз. Әрі қарайда келешекте қабылдардың алдында келіп бір тексереміз, көреміз жан жақты. Әзірге кемшіліктер көп.
Қазір Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін 4 мыңнан аса адам бар. Солардың бірі - Жақсыгүл Ыстамқұлова. 47 жастағы ана денсаулығына байланысты оңалту шаралары үшін Астана мен Шымкент қаласына баруға мәжбүр. Ол аймақтағы оңалту орталығының тезірек ашылғанын қалайды.
Жақсыгүл ЫСТАМҚҰЛОВА, САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, II ТОП МҮГЕДЕГІ:
Ертерек бітсе жүдә бізге оңайлау болатын еді, әр жақа Шымкенткентке бармастан. Мен былтыр естігем мұны, шынымды айтайын. Мен өзім Шымкентке реабилитацияға жатқан кезде «біз сіздер жақа барамыз» деген. Енді былтырдан бері..күтеміз ғой енді. Өйткені бізге жақын жер жақсыда неғұрлым.