$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді

AstanaTV
04.07.2024ж. 21:33
222
Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке түрікмен халқының көшбасшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

– Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көпжақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет. Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты.