Түркістан облысында 66 жастағы ер адам еш дайындықсыз Қазығұрт шыңын бағындыруға бел шеше кірісіп, ақырында биікте өзі жалғыз қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз бетінше төменге түсе алмаған қарияға Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.
"Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.