$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Астанада әлем чемпионы атанған балуан көз жұмды

AstanaTV
05.07.2024ж. 09:31
165
Астанада әлем чемпионы атанған балуан көз жұмды

Грек-рим күресінің шебері, грузиялық танымал балуан Нугзари Цурцумия өлі табылды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, оның денесі 3 шілде күні Хоби қаласындағы үйінен анықталған. Ақпаратты Грузияның ұлттық күрес федерациясы растады.

Қаралы хабар жетті. Бүгін Нугзар Цурцумияның қайтыс болғанын білдік. Оның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде, - делінген мәліметте.

Sportball24.com сайтының мәліметінше, грузиялық балуан суицид жасаған. Соңғы жарты жылда ол әкесінен, бауырынан және анасынан айырылған,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.