$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

AstanaTV
05.07.2024ж. 13:41
194
Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.