$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Қытайдан келген қонақ туристік полиция қызметкеріне алғыс білдірді

AstanaTV
05.07.2024ж. 13:02
169
Қытайдан келген қонақ туристік полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Қытайдан келген қонақ туристік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

Саяхатшы туристік полиция модульдерінің біріне хабарласып, фотоға түсіру кезінде көзілдірігін жоғалтып алғанын хабарлаған. Мейманға полиция подполковнигі Жалғас Жақыпов жедел көмек көрсетіп, 3-4 минуттың ішінде тауып берген. 

Шетел азаматы елордаға таңданысын білдіріп, бұл оның 115-ші елді аралауы  екенін атап өткен. Жалғас Қытайдан келген тағы бір туристке мәдени орындарға қалай жетуге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп жіберген. Тәртіп сақшысы ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп, испан тілін үйреніп жүр. 

Шетелдік азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елорданың ең көп баратын орындарында заманауи модуль түріндегі стационарлық туристік полиция бекеттері орнатылған.