$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қазақстандық балуан допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді

AstanaTV
05.07.2024ж. 15:35
297
Қазақстандық балуан допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді

Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды.

Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды. Айта кетейік, Талғат 2021 жылы Азия чемпионы атанған еді.