$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар

AstanaTV
05.07.2024ж. 18:30
206
Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар

Алматыда Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында қоғкамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Түлкібас көшесіне солға бұрыла бергенде, солтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысты.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Жетісу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтауға кірісті»,- деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.