Қытай Төрағасының Қазақстанға 3 күнге келуі ел абыройын көрсетті. Си Циньпиннің шетелдерге ұзаққа жиі шықпайтынын ескерсек, бұл еліміздің саяси аренадағы беделі жоғары екенін дәлелдеді, - дейді сарапшылар. Қазір қазақ-қытай байланысы жаңа деңгейге көтерілген. Екі елдің байланысы дамып, сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Аспан асты елі Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кірді. Бұдан өзге де жетістіктер аз емес. Ол туралы Аружан Задабек толықтырады.
Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 32 жыл. Содан бері байланыс үзілген емес. Бір-бірінің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріне айналды. Тек әріптес болған жоқ, дос деп таныды. Оны әр жиыннан, Төрағаның әр шешімінен байқауға болады. Бір мысалмен толықтырайын. 2022 жыл. Си Циньпиннің коронавирус пандемиясынан кейін алғашқы халықаралық сапары. Өзге мемлекеттен емес, дәл Қазақстаннан бастады.
Аман МАМБЕТАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Біз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қытай бірінші мемлекеттердің бірі болған құттықтаған. Елшілікті ашқан, сол 30 жылдың ішінде бірнеше этапқа бөлуге болады. Бірақ соңғы 2,3,4,5 жыл өте жылдамдығы, қарым-қатынас әр жақтан да, оның тек қана объем емес, терең дамып жатқанына баға беруге болады.
Қазір 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асуда. Оның жалпы құны – 14,5 миллиард доллар. Жобалар өнеркәсіп, энергетика, көлік-транзит және жасыл экономика мен ауыл шаруашылығы саласын қамтиды. Жалпы Қытай капиталының үлесі бар кәсіпорындар саны 4700-ден асады. Ғылым мен білімде де жаңалық аз емес. Қазір Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жасы білім алады.
Нин СЯОМИН, ЦЗЯНСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қытай мен Қазақстан сауда, көлік және білім сияқты салаларда ынтымақтастықты орнатты. Қазір жемісті жетістіктерге жетті. Екі елдің жоғары білім саласындағы академиялық байланысы білім беруді жоғары деңгейге көтерді. Біздің балалар Қазақстанға, қазақ балалары Қытайға келіп білім алып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстырып тұр. Тіпті, Ресей мен Қытай арасындағы тауардың көбі біздің ел арқылы өтеді. Демек, қос мемлекет үшін Транскаспий бағыты өте маңызды деуге болады. Былтыр Қазақстанның Қытайға экспорттаған ауыл шаруашылығы тауарлары 2 есе өсіп, 1 миллиард долларға жетті. Біз Қытай нарығына сапалы әрі табиғи ет өнімдерін, майлы және дәнді дақыл экспортын ұлғайтуға мүдделіміз.
Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қол қойылған екі жақты 30-дана аса құжат. ШЫҰ аясында 25-тен аса құжат. Оның барлығы бір-бірін толықтырып, Қазақстан мен қытайдың байланысын жаңа стратегиялық деңгейге шығарылды. + Өте маңызды салаларда үлкен кездесулер болды. Үлкен кездесулер жасалды. Бұл Сидің сапары өзге сапарлардан сонысымен ерекше болды.
Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салудан шаршаған емес. 15 жылда оның көлемі 24 миллиард долларға жетті. Екі ел арасында визасыз режим бір жыл бұрын күшіне енген. Содан бері екі ел арасындағы алыс-беріс, тіпті, жандана түсті.
Анатолий САВЕЛОВ, САРАПШЫ:
Өзім Қазақстанға барып жұмыс істегім келеді. Мен ағылшын, қытай және орыс тілінде еркін сөйлеймін. Қазір визасыз режим орнаған. Ең басты жаңалық - сол. Бұл екі елдің тұрғындарына берілген мол мүмкіндік деп ойлаймын.
Басшылар осы уақытқа дейін 5 рет кездесті. Қос тараптың жиі жүздесуі – Астана мен Бейжің қарым-қатынасының маңыздылығын көрсетеді. Тіпті, осы жолы Си Циньпин саммит алдында елімізге мемлекеттік сапармен бір емес, екі емес, бірден үш күнге келді. Мұның өзі – елдің беделін айқындап тұр.