$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Былтыр елімізге Қытайдан 367 мың турист келген

Былтыр елімізге Қытайдан 367 мың турист келген

Биыл – Қытайдағы "Қазақстан туризм" жылы. Бұл екі елдің байланысын онан сайын арттырды.Мамандардың айтуынша, визасыз режим енгізілгелі елімізге келетін турист көбейген. Былтыр Қытайдан елімізге 367 мың саяхатшы келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20 есе көп. Қазір қос ел арасында 44 тікелей әуе рейсі бар. 

Әлішер ТҰРСЫН,  "KAZAKH TOURISM" ҰК" АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жыл аясында 35-тен астам шара жоспарланған. оның бірқатары жүзеге асты. Қазіргі уақытта да басқа да шаралар, көрмелер өтуде. Жалпы осы туристік жыл аясында қытайлық туристер, жалпы қытайлық компаниялардың Қазақстанға деген қызығушылығы өте жоғары. 2025 жылы Қазақстанда бүкіләлемдік логистикалық компаниялардың саммиті өтуі жоспарлануда.