$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Павлодарда ескі жылу құбырларын жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді

05.07.2024ж. 20:00
89
Павлодарда ескі жылу құбырларын жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысының Ақсу қаласында жылу желілерінің 75 пайызы тозған. Ескірген құбырларды жаңалауға биыл қазынадан 1,8 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға 4,4 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылады. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Мердігерлер жөндеуді жылу маусымына дейін аяқтаймыз - деп жоспарлауда. 

Алтынбек АМАНҚҰЛОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта бір жарым шақырымдай жылу желісіне демонтаж жұмыстары өтті. Қазіргі уақытта жинап жатыр трубаларын. Енді жұмадан бастап, жаңа трубаны сала бастайды.

Ақсу ферроқорытпа зауытында орналасқан жылу қазандығы 1978 жылы салынған. 46 жылдан бері жұмыс істеп тұрған нысанның 45 пайызы тозыпты. Сол себепті жыл сайын жөндеуді қажет етеді. Қазір 4 қазандыққа күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүруде. 

Ербол ОРАЛБЕКОВ, АҚСУ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЦЕХЫНЫҢ МАМАНЫ:

Жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталды. №4 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жасалынуда. Қазір жұмыстың 40 пайызы аяқталды. №3 қазандықты өз күшімізбен жөндеп жатырмыз. Оның да 40 пайыз жұмысы аяқталуға жақын. Тамыздың басында аяқтайтын боламыз. №5 қазандықта орташа жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Оны тамызда аяқтауды жоспарлап отырмыз.