Жыл басынан бері шетелден келетін азық-түлікке қатысты 526 заң бұзушылық анықталған. Яғни шегараға жеткен өнімдер фитосанитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Бұл ретте жеміс-жидек, көкөніс және түрлі өсімдік бар. Күзден бұрын келген өнім зиян емес пе? Тілшіміз айтады.
Қазір жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі қызу сатылымға шығатын уақыт. Әлі күз болған жоқ, біздегі өнім толық піспеді. Нарықта шетелден келетін азық-түліктің үлесі жоғары. Алайда бағасы да, сапасы да жұрттың бәріне бірдей жаға бермейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Арбуздың дәмі нашар болды. Бір жұма бұрын алдым үйдің қасынан, іші қып қызыл, дәмі су татиды.
- Бұрынғы алмадан мынау алма совсем шөп сияқты.
- Натуриальный, шынайы продуктылар олар қымбаттау болады. Сапасы жағынан жақсы болған сайын, бағасы да өзгереді деп ойлаймын.
Сатушылар тауарды көзбен көріп, қолмен ұстап, тексеріп әкелеміз дейді. Әсіресе шетелден келетін жеміс-жидектер мұқият таңдалады. Сондай-ақ дүкендегі әр зат өзіне қажетті температурада тұрады. Мерзімі өтіп, бүлінген жағдайда сөреден алып тастайды.
Алмалар Польша, апельсиндер Египет, банан сол не ғой, Эквадор. Бізге клиент очень важно, бір клиент довольно кетсе басқаларға айтады, басқалар да келеді. Көп баға қоймаймыз, потому что объеммен істейміз. Бізге тез өтіп кеткені жақсы да.
Ерте піскен жеміс пен көкөністе нитрат болады. Ол адам ағзасына шектен тыс мөлшерде барса улануға әкеп соғады. Әзірге ондай факті тіркелген жоқ. Десе де жыл басталғалы шегарада карантиндік объектілер табылған. Яғни құжаты дұрыс емес, немесе вирусы мен ауруы бар.
Ризабек ӘУБӘКІРОВ, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Біздің инспекторлармен 526-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Былтыр 1800-дей анықталды. Карантиндік объектілер анықталса тиісті фитосантиарлық іс-шаралар жүргізіледі. Ең алдымен өнім заңнамағ сәйкес жойылады немесе қайта өңдеуге жіберіледі. Және де тиісті өнімді алып келген субъектіге тиісті әкімшілік іс-шаралар қолданылады.
Мәселе мезгілде емес, мерзімде. Азық-түлік, жеміс-жидек, көкөністі мерзімінде алмасаңыз зардабын көруіңіз мүмкін.