$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

05.07.2024ж. 20:00
116
Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

«Әкім бол, халқыңа жақын бол». Қарағандыда ауыл әкімдерінің тұңғыш форумы өтті. Кездесуге 160 тан астам жергілікті атқарушы билік өкілі қатысып өз тәжірибелері мен ел басқарудағы проблемаларымен бөлісті. Ауқымды шараны «Amanat» партиясы ұйымдастырды.

3 жылдан бері ауылдықтар өз әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы өздері сайлайды. Мақсат- ел мұңын ішінен білетін басшы таңдау. Алайда қарапайым ауыл әкіміне сенім артқан сайлаушының проблемасын шешу оңайға соқпайды. Себебі, бюджетті басқару құқы жоқ, ауданға, облысқа тәуелді. Ең бер жағы қар тазалайтын техника да берілмейді. Бүгінгі форумда бүкіл Қазақстанға ортақ мәселені барлық қатысушы көтерді.

Нұрлан ӘБЖАНОВ, ТАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Бір жерде токтың сымы үзілді деңіз. Техника батпақта бара алмайды. Сіздің погрузчигіңіз бар ма өзіңіз отырсаңыз да, электрикті салып алсаңыз да апарып ол жердің сымын жалғайсыз, ауылға свет жанады деген сөз. Немесе қар мәселесі, екі ауылдың арасында жол жоқ. Ауылда техника тұратын болса кез келген уақытта механизатор жігітке айтасыз ауыл арасын ашып бер деп, ол барады да ашады. Ол ауылда мектепке балалар келеді, ол ауылға дәрігер барады.Ол ауылға әкімшілік мамандары бара алады. Таратып айтта берсеңіз мәселесі көп қой, масштабты түрде алған кезде осындай мәселенің бәрін техника шешіп кетеді».

Аслан РАХЫМБЕРГЕНОВ, ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Көп әкімдер сол жұмыстарды жүзеге асыру үшін өздері сатып алады жаңағы көліктерін. Қандай да бір ауылішілік мәселелерін шешуде өз қаражаттарын жұмсап жатқан фактілер аз емес. Өкінішке орай ол шындық. Алдағы уақытта Парламент депуттаттары әкімдерден түскен ұсыныс- пікірлерді заң аясында талқылауға ұсынып беріп жатыр. Ол үлкен мүмкіндік».

Ауыл- аймақ басшыларының басын қосудағы мақсат- жергілікті атқарушы билік өкілінің жұмысын күшейте отырып ауылдықтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл туралы «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында айтылған болатын. Сондай- ақ өткен жылы Президент ауыл әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді тапсырды. Яғни жергілікті биліктің тәуелсіздігін арттыру қажет. Қазір «жергілікті басқару» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр.

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Ауылдарға, аудан әкімдеріне билікті беру. Бұл билікті беру оның жауапкершілігін де арттырады. Бюджетті беру, өздері жаңағы техника алу және басқа т.б. «Жергілікті өзін- өзі басқару» заңы бар. Мәжіліс депутаттары жазып алды. Осындай әкімдерге өкілеттілік берген кезде бірінші кезекте халықтың мәселесін шешу үшін тиімді құрал не керек соны біз заң түрінде де біз қадағалайтын боламыз партияластар ».

Қарағанды облысында жерді халыққа қайтару, шағын кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, білім және медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалер жүзеге асырылуда. Партияның аймақтағы қоғамдық қабылдау бөлмесі 1 мыңнан астам адамға құқықтық көмек көрсеткен.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

««Жер Аманаты» комиссиясының жұмысы өз нәтижесін беріп, бүгін бүкілі пайдаланып жатқан 1 млн 800 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылып ауыл халқын жайылым жерлерге қол жеткізе бастады. 2023 жылы «Ауыл Аманаты» партиялық жобасы аясында жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуды 450 ден астам азамат иеленіп 3 жарым млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Екінші жарты жылдықта еліміздің 2 жүздей ауылында ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Олардың 90 пайызы «Amanat» партиясының мүшесі.