Павлодарда шахматтан Қазақстан Республикасы Сенатының ашық кубогы өтті. Жартылай финалға еліміздің солтүстік өңіріндегі 4 аймақ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола шахматшылары қатысып, бақ сынады. Қатысушылардың арасында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер бар. Ойыншыларға бар жоғы 2 минут уақыт беріледі. Осы аралықта мықтылар басымдық көрсетіп үлгеруі керек. «SENAT OPEN» турнирі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат - таланатты шахматшыларды анықтап, бұқаралық спортты дамыту. 21 сәуірде еліміздің 15 аймағы мен 3 қаласында іріктеу кезеңі өткен болатын. Содан сүрінбей өткен әр өңірдің 25 ойыншысы жартылай финалға жолдама алды. Жеңімпаз атанған команда Астанада өтетені финалға қатысады.
Алтынбек НУХҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бүгінгі ашық кубоктың ерекшелігі әуесқой шахматшылармен бірге осы шахмат саласында жүрген азаматтардың қатысуы. Және тағы бір ерекшелігін айтып өттім. Журналистердің қатысуы, қоғам қайраткерлерінің қатысуы, мәслихат депутаттары барлық деңгейдегі депутаттардың қатысуы бұл турнирдің ерекшілігін көрсетеді.
Нұржан РАХИМОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АТБАСАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Спорт болғасын жеңіске жетеміз деп тырысып келіп отырмыз. Ойын көрсетеді қандай нәтижеге жетеміз. Мынау шахматтың ерекшелігі уақыт бойынша ойнаймыз. Көп ойлануға болмайды. Тек жылдам түрде сағатты басып отырып, сонымен ғана жеңіске жетуге болады.