$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үздік журналистер анықталды

05.07.2024ж. 20:00
426
Үздік журналистер анықталды

Астана күніне орай ұйымдастырылған республикалық Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқау мәресіне жетті. Үздік деп танылған материал авторлары қаржылай сыйақыға ие болды. Айта кетейік жарыс сегіз номинациядан тұрды. Сексенге жуық өтінім түскен. 

Қатысушылар түрлі жанрда бақтарын сынады. Атап айтқанда сараптамалық сюжеттер, фоторепартаждар, мақалалар, мобилогрофия бойынша сайысқа түсті.

Айгүл ӘЛЖАҚСИНА, «ВЕЧЕРНЯЯ АСТАНА» ГАЗЕТІНІҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:

Біріншіден, бұл өте күтпеген жағдай деп айтқым келеді. Өйткені біз әрқашан мәслихат туралы жазамыз және ол шыққан мақалалар сериясы тек мәслихаттың жұмысы туралы ғана емес, сонымен қатар әрбір депутаттың күнделікті өмірі туралы жазды. Олар біздің қаламыздың өмірі үшін не істеп жатқаны, қаланың дамуы үшін не істегенін оқырмандарға жеткізіп отырдық. Менің ойымша, бұл репортаждар циклі себеп болды. Міне мұндай керемет ынталандыруға ризамыз.

Дәстүрлі БАҚ құралдары арасындағы сайыс бұрынғыдан өзгерек. Мәселен байқау осыған дейін жеті номинация бойынша өтсе, қазір тағы да бір номинация қосылған. Сондай-ақ жүлде қоры қомақты.

Абзал ДОСЫМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Елорда күніне орай ұйымдастырылған БАҚ күніне орай республикалық байқау осы жылы дәстүрлі күйінде өтіп жатыр. Биылғы байқаудың ерекшелігі жетінші номинацияға сегізінші номинацияның қосылуы. Неге десеңіздер, биыл Астана қаласының мәслихатының 30 жылдығына орай сегізінші номинация қосылды. Комиссия мүшелерінің алдарына сексеннен астам қаралым келіп түсті. Оның ішінде 24 жүлдегер анықталды.

Жеңімпаздарға милион теңге табысталды. Ал екінші орын иегеріне 500 мың, үшінші орынға 300 мың тг берілді. Жалпы жүлде қоры -17 млн тг.