$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңына қол қойды

AstanaTV
06.07.2024ж. 06:56
307
Мемлекет басшысы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент 2023 жылдың 29 наурызында Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау үшін арнайы заңды әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Алғаш рет қабылданып отырған бұл Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жан-жақты айқындайды.

Заңда оның мақсаттары мен міндеттері, адам саудасына қарсы іс-қимыл қағидаттары бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де субъектілердің құзыреті бекітілген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.