$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Еуро-2024: испаниялық футболшы матч кезінде жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады

AstanaTV
06.07.2024ж. 08:10
201
Еуро-2024: испаниялық футболшы матч кезінде жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады

Испания құрамасының ойыншысы Педри футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

5 шілдеде Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Испания – Германия матчында Педри жарақат алды. Оны матчтың 4-минутында Германия құрамасының футболшысы Тони Кроос шалып құлатты. Бірақ төреші Энтони Тэйлор сары қағаз көрсеткен жоқ. Аяғын ауыртып алған Педри ойынды жалғастыра алмай, оның орнына алаңға 8-минутта Дани Ольмо шықты.

Айта кетейік, Испания құрамасы 1/8 финалда Грузияны 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан еді. Ал Германия командасы өткен матчта Данияны 2:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алған болатын.

Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалы 9-10 шілдеде, ал ақтық мәре 14 шілдеде болады.