$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғын үй мен автокөлік өртенді

AstanaTV
06.07.2024ж. 23:31
244
Алматы облысы Талғар ауданында тұрғын үй мен автокөлік өртенді

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғын үйден өрт шығып, автокөлік жанып кетті.

ТЖМ күштерімен үйдегі өрт сөндірілді.

Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында жеке тұрғын үй мен жеңіл автокөлік өртенген. Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 43 минут ішінде 155 шаршы метр алаңда өртті жойды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.