$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы облысында тұрғын үй мен аулада тұрған көлік отқа оранды

AstanaTV
07.07.2024ж. 06:23
168
Алматы облысында тұрғын үй мен аулада тұрған көлік отқа оранды

Алматы облысында ТЖМ күштерімен үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында жеке тұрғын үйдің және жеңіл автокөліктің жануы орын алды.

«Өрт сөндірушілер 155 шаршы метр аумаққа шақырту түскен сәттен бастап 43 минут ішінде өртті жойды», - делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.