$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтау-Ақшұқыр жолында жол апаты болды: қайтыс болғандар бар

AstanaTV
07.07.2024ж. 09:33
235
Ақтау-Ақшұқыр жолында жол апаты болды: қайтыс болғандар бар

Маңғыстау облысында Ақтау-Ақшұқыр жолында жантүршігерлік жол апаты болған - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адам ауруханаға жеткенше қайтыс болды.

"Аурухана дәрігерлері үш науқасқа медициналық көмек көрсетті. Бір науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі науқасқа амбулаторлық ем көрсетіліп, үйіне жіберілген", - делінген хабарламада.