$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Алматыда кәуапхана өртенді

AstanaTV
07.07.2024ж. 11:50
440
Алматыда кәуапхана өртенді

Алматыда құтқарушылар кәуәп дайындайтын үй-жайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бүгін таңертең Бостандық ауданында мейрамхана аумағында 30 ш.м. алаңда жеке тұрған кәуәп дайындайтын үй-жайда өрт орын алды.

ТЖМ күштерімен жақын орналасқан объектілерге өрттің таралу қаупі қысқа мерзімде жойылды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.